Ә. Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті

Ә. Смайылов TAV  Airports Holding басшысымен кездесті

Премьер-Министр Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен кездесті.

Тараптар авиация саласындағы ынтымақтастық, Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салу, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Үкімет басшысы сондай-ақ бүгін Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Жиында 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру мәселелері сөз болды. Әлихан Смайылов аталған тақырыпты Үкімет отырысына шығару үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп елдің даму болжамы мен бюджет параметрлерін пысықтауды тапсырды.