Қ.Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті.

Кездесуде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы сөз болды. Президент "Теңіз-Шевройл" компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады. Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.