ШЫҰ аясында трансұлттық қылмыспен күрес талқыланды

Терроризм мен экстремизмге тек бірігіп қарсы тұруға болады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің төртінші кеңесінде осылай деді. Қазақстаннның бас полицейі сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою, заңсыз майнингке қарсы күрес пен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан тәжірибесін таныстырды.

Соңғы бір жарым жылда біздің елде синтетикалық есірткі өндіретін 40 есірткі зертханасы жойылған. Ал оның интернеттегі жарнамасы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.

Министрдің айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер киберқылмыспен күресудің бірыңғай механизмін әзірлеуі қажет. Кеңес аясында Марат Ахметжанов тәжік және өзбек әріптестерімен екіжақты келіссөздер жүргізеді.

Марат Ахметжанов, Қазақстанның Ішкі істер министрі:

- Нашақорлық, оның тасымалы, және осы интернет арқылы жасалып жатқан алаяқтықтар ол бүгінгі біздің қазақстанның халқын мазасын алып отыр.  сондықтан мен бүгін осы жерде нақты ұсыныстар жасап отырмын. Осындай қылмыстар болған кезде қолма-қол ақпарат алып, қолма-қол көмек жасайтын соны анықтауға, дәлелдерді беруге, дер кезінде сол қылмысты алдын алу, тоқтату мәселесінде шаралар қолдану. Оны біздің әріптестеріміз қолдап отыр.