Жетісу облысында Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. LIVE

Саяси науқан әкімшілік аумақтың жаңадан құрылуына байланысты Президент жарлығымен жүзеге асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау учаскесінде өңірдегі меншікті тілші Шыңғыс Қалиден де жүр. Тікелей байланысқа шыққан әріптесіміз дауыс беру нәтижесін баян етті.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу 15 шілдеден бастап 30-ына дейін жүргізілді. Осы уақыт аралығында өңірлік сайлау комиссиясына 11 адам өтініш берсе, соның бесеуі тиісті құжаттарын ұсынбаған. Ал екеуі өз еркімен бас тартты. Сөйтіп төрт кандитат сайлауға түсті. Олар Айдар Башпаев, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов, Берік Тынышбаев. Облыстық, аудандық және қалалық  мәслихат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде екі үміткер көпшіліктің сеніміне ие болды. Олардың аты-жөнін облыстық сайлау комиссиясының мүшесінен сұрап білейік.