Қазақ-қырғыз бауырлас елдердің әріптестігі нығая бермек

 

Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда көлемін 2 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізу барысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу басында Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының Ульянов облысында Қырғызстан азаматтарының көлік апатына ұшырап, қаза болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ отырыс барысында бірлескен индустриялық сауда-логистикалық кешен салу,  қоршаған ортаны қорғау, су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы Қырғыз Республикасының бауырлас ел, сонымен қатар Қазақстанның өңірдегі негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.