Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті

Еліміздің Премьер-министрі Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Мәселен биылғы жарты жылдықта өсім 5%-ке артты. Келіссөз барысында тараптар өнеркәсіптік кооперацияға қажетті өнімдерді жеткізу, шикізат транзиті, тауарларды кедергісіз шығару, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының нығаюына жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер оң нәтиже беріп отыр. Соңғы рет Сочи қаласындағы кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке ерекше мән берілді. Біз прагматикалық және сенімді арнада жүйелі, бірлескен жұмысты жалғастыруымыз керек.