Алаш өкілдерінің Жапониямен байланысы болған

Алаш өкілдерінің Жапониямен байланысы болған

Алаш өкілдерінің жапон мемлекетімен байланысы болған.

Жапония архивінен бұл деректі растайтын құнды құжат табылды. Оны Орталық Азия тарихын зерттеуші жапондық ғалым Томохико Уяма тапқан. Бұл туралы Алаш Республикасының 105 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда белгілі болды. Алаштанушы ғалымдардың айтуынша, 1918-1919 жылдары Алаш Орда қайраткерлері Жапон еліне әлеуметтік көмек сұрап хат жазған. Онда дәрі-дәрмек пен қару-жарақ қажеттігін айтыпты. Міне, бұл  қайраткерлеріміздің халықаралық деңгейде мойындалуын дәлелдейтін құжаттардың бірі, дейді ғалымдар.

Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы ғалым:

- Жапон мемлекетіне жазған құжатта да Алаш жеке мемлекет болуға ұмтылған құрылым ретінде айтады. Сұраған кезде көбінесе дәрі-дәрмек пен қару-жарақ сұраған екен. Мемлекетті құру оны қорғау ар жағында Алаштың әскері тұр. Қауіпсіздік мәселесі тұр және Алаштың елінің саулығы тұр. Осыны Жапон үкіметі қараған осы мәселені.