Amanat партиясын өзгеріс күтіп тұр

«Аманатты» өзгеріс күтіп тұр. Биыл сәуір айында партия саяси тұғырнаманы жаңарту жұмысын бастаған.

Қорытындысы күзде республикалық партия конференциясында талқыланбақ. Жаңғырту ісі «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізіледі. Еркін пікір алмасу мен саяси диалогқа басымдық берілмек. Бүгін Алматыда саяси кеңес өтті. Жиында Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері партияның саяси тұғырнамасында көрініс табуға тиіс тақырыптарды талқылады. Қоғамды жаңғырту мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру жайын сөз етті. «Amanat» елдің мұң-мұқтажымен өмір сүруі керек деген белсенділер, «саяси тұғырнама оң өзгерістерге бастайды» деп отыр.  

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:

- «Аманат» партиясының негізгі ұстанымы бізге шынайылық керек. Бағдарлама ол біздің негізгі құндылықтарды, өткен тарихи жолымызды шынайы көрсету, рас бізде де кемшілік болды. Бізде қиналған кезіміз болды, біздің де қателескен кезіміз болды. Бірақ біз мұны түзеуге де әзірміз. Аманат партиясының мүшелері партияға не үшін кіреді, қандай құндылықтардың түбінде бірігеді, біздің басқадан айырмашылығымыз неде, болашақтағы образымыз қандай деген сұрақтарға жауап беретін кешенді нақты осындай құжат.