Әзербайжанда қазақстандық 170-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді

Әзербайжанда қазақстандық 170-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге сапары қарсаңында Қазақстан-Әзербайжан іскерлік Кеңесінің алғашқы отырысы өткен болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңеске мүше 59 компанияның отыз бесі Әзербайжанға, ал жиырма бесі біздің елге тиесілі. Бұл – тағам мен тоқыма өнеркәсібі, құрылыс, логистика, көлік салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар. Қос елдің экономикалық байланыстары нығайған сайын Кеңестің қатары да толығып келеді.

Юсиф Абдуллаев, Әзербайжанның экспорт пен инвестицияларды ынталандыру қорының жетекшісі:  

- Екі ел арасында қатынастар жоғары деңгейде дамып жатыр. Биыл алты айда Әзербайжан мен Қазақстанның тауар айналымы едәуір өсіп, 350 миллион долларға жетті. Алайда бұл көрсеткішті еселеуге қос мемлекеттің әлеуеті жетеді. Іскерлік Кеңес соған сеп болмақ.

Бүгінде Әзербайжанда қазақстандық 170-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді және олардың саны жылдан жылға артып келеді. Соңғы 25 жылда Әзербайжан елімізге шамамен 200 миллион доллар көлемінде инвестиция құйса, Қазақстан бұл елдің экономикасына жүз миллион долларға жуық қаражат салыпты.

Юсиф Абдуллаев, Әзербайжанның экспорт пен инвестицияларды ынталандыру қорының жетекшісі:  

- Іскерлік Кеңес инвестициялық тұрғыда және саудада үнемі көмектесіп тұратын платформа болады. Ең бастысы қос елдің іскер қауымы осы процестер туралы білуі керек. Кеңес алдында өз қатарын ұлғайту міндеті тұр. Мәселелер кейін үкіметаралық комиссияда талқыланады деп ойлаймын. Кеңес барлық инвестициялық мүмкіндікті қарастырады.

Қазақстандық кәсіпкерлер Әзербайжандағы бизнес-ахуалға оң баға беріп, өзара тиімді кооперацияны дамытудың маңызын атап өтті. Олар жаңа бизнес-жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. 

Авторлары: Камилла Джабарова, Айгюн Гасан