Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі ауысты. Мемлекет басшысының жарлығымен, бұған дейін өңірді басқарған Оңдасын Оразалин лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысының жаңа әкімі Ералы Тоғжанов болды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған еді.