Президент пәрменімен Үкімет 10 ұлттық жобаны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі Жолдауында Жаңа Қазақстанның Жаңару мен жаңғыру жолын ұсынды.

Президент ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады. Мемлекеттік мәселелерді билік пен бұқара болып, өзара келісім арқылы шешу маңызды. Міне осы үшін президент тапсырмасына сай биыл Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Келелі кеңесте елдік мәселелер қозғалды. Бұдан бөлек, жолдауда жүктелгендей жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау институты да енгізілді. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы көлемі өсті.

Заң халыққа қызмет етуі тиіс. Және оны халық таңдауы керек. Президент пәрменіне сай республикалық референдумда ел тұрғындары маңызды заң жобаларын өзгертуді дауысқа салды. Сонымен қатар, өнеркәсіпті пен индустриялық саясатты дамыту мәселелері қайта қаралып, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Гендерлік саясатты дамытудың жолдары да айқындалды.

Биыл Үкімет 10 ұлттық жобаны қабылдады. Алаяқтық пен пирамидалық схемаларға қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралар кешені қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдар жүзеге асыруда. Прокурорлардың айыптау актісін дайындау құзыреті кеңейтілді, учаскелік инспектордың мәртебесі көтерілді.