Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей президенттері қос мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Елордада өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.  Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.