Жолдау-2022: Дипломаттар пікірі

Қазақстанның транзиттік әлеуетті арттыру мен бизнесті қолдауға деген ұмтылысын еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері құптайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын Сыртқы істер министрлігі ғимаратында тыңдаған дипломаттар еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңғыртуға бағытталған шаралар өте маңызды екенін атап өтті.

Кестутис Янкаускас Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі:

– Еуроодақ – Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. Біз осы бағыттағы жұмысымызды әрі қарайда жалғастыруға ниеттіміз. Кез келген бизнес үшін инвестиция құюға болатын қолайлы жағдай, ашықтық пен кәсіпкердің мүддесін қорғайтын заңнаманың болуы өте маңызды. Бүгін біз көбірек инвестиция құятындарға жақсы жағдай жасалатынын естідік. Сонымен қатар, ЕО мен Қазақстан арасында тапшы шикізат материалын жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Джеймс Планета, АҚШ конгрессмені:

Қазақстанның кадрлық әлеуеті зор. Реформалар мұғалімдерге, білім мен қоғамдық денсаулық сақтау салаларына және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке айтарлықтай әсерін тигізеді. Қабылданған шешімдердің барлығы соның ішінде алдағы сайлау АҚШ үшін де маңызы зор. Себебі олар адам құқығын сақтауға бағытталған.

Рублем Корреа Барбоза, Бразилияның Қазақстандағы елшісі:

– Сайлау өткізу секілді мәлімдеме болатынын күткен жоқпын. Бұл өте батыл шешім. Менің ойымша, оның нәтижесін бәріміз де көреміз. Десе де, реформаның бәрін толығымен жүзеге асыру үшін уақыт керек.