Жаңа Қазақстан құру маңызды қадам – Эдвард Лемон

Күзде өтетін кезектен тыс Президент сайлауы маңызды саяси қадам. Бұл туралы АҚШ-тағы Орталық Азия істері жөніндегі «Oxus society» қоғамдастығының президенті Эдвард Лемон айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пікірінше алдағы сайлау президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру кезеңіндегі айтулы оқиға болмақ. Сонымен қатар сарапшы қаңтар оқиғасында ереуілге қатысқандарға рақымшылық жасауы маңызды болғанын атап өтті.  

Эдвард Лемон, Техас ауыл шаруашылығы және механика университетінің ғылыми қызметкері:

– Менің ойымша бұл өте маңызды қадам болды. Қаңтарда жұрт өзінің талап-тілектерін білдіріп алаңға шықты. Бірақ бейбіт шерудің арты бұзақылыққа ұласып, біраз адам қамалды. Қаңтар оқиғасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Оған не себеп болғаны көбірек тәуелсіз тұрғыда тергелуі керек. Осы орайда президенттің шешімі маңызды қадам болды деп ойлаймын.