Дарья Чижова: Жолдау – жаңа экономикалық бағыт

Жаһандағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан Президенті жариялаған жүйелі экономикалық реформалардың маңызы зор болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық-сараптама орталығының директоры Дарья Чижова меншікті тілшімізге берген сұхбатында осындай пікір білдірді. Ұлттық қор табыстарынан азаматтарға төлем жасау әлем тәжірибесінде бар. Мұнай сатудан зор пайда көретін бірқатар араб мемлекеті осыны қолданып келеді.

Дарья Чижова, ММУ ақпараттық-сараптама орталығының директоры:

– Қазақстан мемлекетінің басшысы ең алдымен экономикалық дамуға көңіл бөліп, ұлттық корпорациялар жұмысының тиімділігіне қатысты бірқатар меже белгіледі. Ұлттық қордан төлем жасау жоспары қаңтар оқиғаларына себеп болған экономикалық мәселелер кейінге қалмағанын көрсетіп отыр. Бұл мәселелер өзімен өзі шешілмейтінін түсінетін Президент әкімшілігі экономикаға үлкен көңіл бөледі деген қорытынды жасауға болады.  ))