Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жоспары талқыланды

Осыдан бірер минут бұрын ғана елордада Үкімет отырысы аяқталды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып – Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жоспары болатын. Баршаға мәлім, Қазақстан Президенті елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты айқын 5 бағдарды айқындап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ендігі меже – аталған мақсаттарды тиімді іске асыру. Президент: «Халық бос сөз бен жалынды ұраннан жалықты. мемлекеттік органдар өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде  орындауы қажет»,- деген болатын. Ал оны орындау қарқыны қалай болып жатыр? Министрлердің жұмыс отырысынан тікелей байланыс арқылы әріптесім Рухани Асқар бізбен тілдесуге дайын, Рухани, сөз сізде.