Өндірістегі қауіпсіздік басты назарда – Лакшми Миттал

Өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту. «АрселорМиттал» компаниясы басқармасының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдау кезінде Президент осы мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты. Ал Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада компания Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.