Елімізде жасылдар партиясы құрылуы мүмкін

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсының мүшелері Әділет министрлігіне тиісті құжаттарын жіберді. Бірлестіктің бүкіл республика бойынша 30 өкілдігі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құрамына 10 мыңға жуық азамат тіркелген. Ұйым ел Парламенті мен мәслихаттарына кіріп, еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге атсалыспақ. Партия тіркелген бетте оның мүшелері алдағы саяси науқандарға қатысуды көздеп отыр. Ұйым Президент Жолдауында айтылған бастамаларды қолдайды, – деді альянс басшысы.

Азаматхан Әміртай «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы:

– Жеті жылдық Конституциялық өзгеріс болуын және Президент сайлауының өтуін қалаймыз. Бірақ, біз осы сайлауда кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көріп отырмыз. Біздің партиямыз Президентті қолдайды осы сайлауда.