Отандық селекцияны дамыту керек – Сенат отырысы

Елімізде малды қолдан ұрықтандыру ісі ақсап тұр. Сөйтіп малды қолдан жасанды жолмен ұрықтандыру көрсеткіші төмендеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 15% аспайды. Ал осыдан 12 жыл бұрын 40% еді. Сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев осындай мәселе көтерді. Көрші мемлекеттердің жетістігін де тілге тиек етті. Қазір Беларусь республикасында ірі қараны қолдан ұрықтандыру 95% жетті. Ал шекаралас жатқан Өзбекстанның өзінде 60% асып кеткен. Бұл ретте, сенатор сырттан асыл тұқымды ауру малды қыруар қаражатқа алғанша отандық селекцияны дамыту керек деп санайды. Ол үшін заманауи жабдықтары бар бірнеше зертхана қажет. Сосын молекуларлық әдісті меңгерген білікті маман даярлау да басты міндет.

Сондай-ақ...