Биыл күзде елімізде үлкен саяси дода болады

Нақтырақ айтқанда, кезектен тыс президенттік сайлау өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жариялады. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттілік мерзімін 7 жылға ұзартып, қайта сайлану құқығын алып тастауды да ұсынды. Бұл бастаманы халық қалай қабылдады? Бірге білейік.

- Қолдаймын. Дұрыс. Түсіндіріп айтты ғой. 7 жылда үлкен шаруа тындыруға болады.

- Мен ойлаймын бірден 7 жылға сайланса жақсы болады.

- Дұрыс қой енді. Халықты басқаратын адам 7 жылға дейін өзінікін көрсету керек. Жұмысын, халықтың дамығанын, 7 жыл істей алмады ма, пожалуйста иди домой дегендей ғой.

- 7 жылда бір рет сайлаған дұрыс қой.

- Негізі бір-ақ рет сайлану керек қой 7 жыл. Президенттің уақыты біткен соң келесі президент уақытында келу керек. Сол дұрыс болады.

- Балалардың есеп шотына 18 жасқа дейін қаражат салыну деген өте жақсы көмек болады. Ата-аналарға, семьяларға жастардың өздеріне болашақтарына. Өйткен мектеп бітірген соң бала өзі бизнес аша ма, немесе ары қарай қаражатты көбейтіп баспана ала ма. Өте жақсы жағдай.

- Жалпы балаларға келетін болсақ, енді болашағымыз балалар ғой. Балалардың бастамалары өте ұнады.

- Пенсия қосатыны ұнады. Әйелдердің жасын қысқартқаны ұнады.