Президент Ұлыбритания Королі ІІІ Карлға II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ-ші Карлға анасы II-ші Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы елді 70 жыл бойы басқарған Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті. «Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Ол көшбасшы болды. Оның мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін, – деп жазылған Президент жеделхатында.

Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайтуға бағытталған күш-жігерді ілгерілетуде көшбасшы болды. Оның тектілігі, қадір-қасиеті мен орасан зор жетістігі әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре түсетініне, ал мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін.