Алматыда ауған соғысының қатысушылары Жолдауды талқылады

Ауған соғысының ардагерлері жергілікті билік қала тұрғындарына мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға көмектесуге дайын.

Әсіресе денсаулық саласына қатысты өз пікірлері бар. Олар медициналық көмекке жиі жүгінетіндіктен бұл салада қандай мәселеге көңіл бөлу керектігін жақсы біледі. «Сондай-ақ әйелдердің зейнет жасын төмендету, игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару орынды» деп санайды «Қазақстан - біздің шаңырағымыз» атты  азаматтық қозғалыс мүшелері. Ауған соғысы ардагерлерінен құралған  қозғалыс қайырымдылықпен де айналысады. Жыл басынан бері  олар, мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналар мен мұқтаж жандарға  көмек көрсеткен.

Марк Бейдәлі, «Қазақстан – біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының мүшесі:

- Біздің қоғамға саясаттың жақсы жүргізілуі керек мемлекетпен. Сол Президентіміздің Жолдауында бәрі жақсы, нақты айтылған. Біз бәріміз осы жерде, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Кішкентай бағытта істермен біз Қазақстанымызды жаңа үлкен серпіліске жеткізуіміз керек.