М.Әшімбаев: Дәстүрлі діндер съезі бейбітшілікке үндейді

Әлемдегі геосаяси шиеленістер мен қақтығыстар артып келеді.

Сенат төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ол VII съезд әлемдік қоғамдастық үшін өте жауапты кезеңде өтіп жатқанын айтты. Қазір бүкіл әлем пандемия, қақтығыстар, санкциялар, климаттың өзгеруі және басқа да жаһандық мәселелердің әсерін сезініп отыр. Елдер арасындағы сенімсіздік пен террористік белсенділік жалғасуда. Мәулен Әшімбаев халықаралық ұйымдар тиімділігінің жеткілісіздігін айтты. Осы жағдайда форум - диалогқа шақырып, қақтығыстарды тоқтатуға және бейбітшілікке қол жеткізуге үндейді. Сондай-ақ Сенат төрағасы съезд хатшылығының ХХ отырысында пандемиядан кейінгі даму - негізгі тақырыптардың бірі болатынын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Биылғы съезд әлем үшін тарихи және бірегей оқиғаға айналды десек артық бола қоймас.  Ең алдымен, бұл коронавирус пандемиясы басталғаы бері алғаш рет өткізіліп отырған ӘЖДДЛСъезі. Індет кезінде бізге тікелей диалог және қарым-қатынас жетіспегені сөзсіз. съезд рухани көшбасшыларға иікелей сұхбат құрцуға,дінаралы және өркениетаралық диалогты нығайтуың маңызды мәселелерін бірлесіп шешу жолд талқ үлк мүмкіндік.