Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндірді

Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті Заң жобасы әзірленді.

Бүгін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндірді. Сонымен бір адамның бір рет қана сайлануы жөніндегі норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында Мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылады. Бұл норма алдағы сайлауға және Президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы Президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық Мемлекет басшылары үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заңмен шектеледі. Заң жобасында Конституциялық Сот судьяларының қызмет мерзімін алты жылдан сегіз жылға ұзарту ұсынылды. Олар да бұл лауазымға қайта тағайындалмайды. Конституциялық Сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Сондықтан оның судьяларының өкілеттік мерзімін ұлғайту туралы шешімді қазірден-ақ қабылдаған маңызды болмақ деді Ержан Жиенбаев. Заң жобасы Конституциялық Кеңеске жолданған.