Түркия саясаткері дәстүрлі діндер съезіне жоғары баға берді

Осымен жетінші рет өтетін Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің съезіне 50 мемлекеттен 100-ден астам делегат қатысады.

Олардың құрамында ислам, христиан, буд­­дизм, иудаизм, ин­дуизм, даосизм, зороас­тризм, синтоизм өкілдері мен саяси және қоғам қай­раткерлері, халықаралық ұйымдардың мүшелері бар. Соның бірі түркиялық саясаттанушы - Күршат Зорлу. Ол халықаралық жиынға жетінші рет қатысқалы отыр. Саясаттанушы- ғалым Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі халықаралық маңызы бар диалог алаңына айналғанын айтады.

Күршат Зорлу, саясаттанушы:

- Қазақстанда әртүрлі дән және ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруінің негізгі екі себебі бар. Бірінші үнемі жаңартылып отыратын экономикалық жүйе құрылды. Халықтың әл-ауқат деңгейі артты. Бұл сондағы әртүрлі халықтың көңіл күйіне тікелей әсер етуші фактор. Әл- ауқат артқан сайын радикализм мен асыра сілтеушілік азаяды. Аймақтарда да дәл осындай. Бұл тұрғыдан Қазақстан дұрыс бағытта ілгерілеп келеді.  Екіншісі, бұрыннан өмір сүретін халықтарға жанашырлықпен қарым- қатынас жасайды. Асығыстық жасамай, әрбір халықтың тарихын үйренуге мүмкіндік жасады.  

Сондай-ақ аталмыш шараға Түркиядан үш ірі халықаралық ұйымның делегациялары келмек. Түркі мемлекеттері ұйымы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам Тарихы, Өнері Мен Мәдениетін зерттеу орталығы басшысы елордаға ат басын бұрмақ.  

Махмуд Эрол Кылыч, ИЫҰ Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры:

- Дінде ішкі өлшем деген бар. Оны біз рухани өлшем деп те айтамыз. Ислам атауының өзі - бейбітшілік деген араб сөзінен шыққан. Яғни  қоғамдағы тату- тәтті өмір. Мұны Қазақстаннан көріп отырмыз. Саналуандық. дұшпандық үшін емес, осы әртүрлілікті қорғау және олардың бір шаңырақ астында топтастыру үшін берілген.