Е.Қарин ЕҚЫҰ жоғарғы комиссарымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахмановпен кездесті.

Ол Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-ші съезіне қатысу үшін арнайы келген. Қос тарап алдағы ынтымақтастық мәселелері мен ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстарды талқылады. Олар келіссөз барысында Президенттің биылғы Халыққа Жолдауына жеке тоқталды. Сондай-ақ Ерлан Қарин жаңа Қазақстан құруға бағытталған саяси бағдарламаның жүзеге асыру барысымен таныстырды.