loader


Рим Папасы Францискті «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Бұнда Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды. Содан кейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы «Шығыс» залында келіссөз жүргізді. Бұнда мемлекет басшысы Құрметті қонаққа зор ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу туралы шақыруды қабыл алғаны үшін понтификке алғыс айтты.

Сондай-ақ бүгін Рим Папасы Франциск билік, қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен өтетін отырысқа қатысады деген жоспар бар. Ал ертең, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталады. Понтифик осы маңызды іс-шараға қатысады. Содан соң Рим Папасы Франциск Қасиетті Месса өткізеді.

Сондай-ақ...