Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл

Рим Папасының елге сапары осы айтулы датамен тұспа-тұс келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Рим-католик шіркеуінің басшысының кездесуде осыған мән берді.

Президент екі ел арасындағы әріптестік одан сайын нығая түсетініне сенім білдірді. бұл ретте 2003 жылдан бері өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер сьезі  бейбітшілікті үндейтін ауқымды диалог  алаңына айналғанына мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Себебі бүгінгі кездесу түрлі саладағы ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтереді. Мен бұған кәміл сенемін. Бұл бас қосуға еліміздің жоғары лауазымды тұлғалары, көрнекті дін басылар, азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдері арнайы жиналды. Біз әлемдік өркениеттің қазіргі ахуалы, жаһандық саясаттың өзекті мәселелері және жалпы діннің мән-маңызы туралы сіздің пасторлық сөзіңізді тыңдауға ықыластымыз.

Ал, Рим Папасы қонақжай қазақ халқына алғысын жаудырды. Елде 100-ден аса этнос өкілдерінің мызғымас бірлігіне ерекше мән берді. Ұлттардың ұйысқан ынтымағын қазақтың ұлттық аспабы домбыраның қос шегінінің үндестігіне теңеді. Қазақ топырағы ел қорғаған батырлар мен жыр тербеген ақындардың, қылқалам шеберлерінің ордасы екендігін айтып, бай мәдениетіміз бен тарихымызға тоқталып өтті. Халқымыз небәрі қилы замандардың басынан өткеріп, қуғын-сүргін құрбандарының лагерьіне айналғанын да атап өтті. Бірақ қиындықтарға мойымастан, демократия орнаған зайырлы құқықтық мемлекетке айналды-деді. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын жоғар бағалайтынын жеткізіп, бейбітшіліктің символына айнала берсін деген ақжарма тілегін жеткізді.