Дәстүрлі діндер съезінде бейбітшілік үшін дұға жасалды

Елордадағы діндер көшбасшыларының съезі әлемдегі бейбітшілік үшін дұға жасаумен басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтар арасындағы келісімді нығайтып, әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет екенін айтты. Мемлекет басшысы ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Дін көшбасшыларының съезі тың идеяларға жол ашып, баршамызды биік белестерге жеткізеді деп сенемін. Біздің мүддеміз және ниетіміз бір. Бәріміз де бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз», – деді.