Қазақстан – Ватикан арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Ватикан екіжақты ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Ватиканның мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахер қол қойды. Екі ел арасындағы шарт 1998 жылы жасалған еді. Енді Рим Папасы Францисктің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында құжатқа толықтырулар енгізілді. 

Роман Василенко, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары:

Бүгін Қазақстан мен Ватикан арасында қосымша келісім жасалып отыр. Бұл екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. 24 жыл бұрын жасалған құжатқа толықтырулар енгізілді. Конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өткен жөн.