Климаттың өзгеруі экономикалық дағдарысқа алып келуі мүмкін

Әл-азһар жоғарғы имамы шейх Мухаммад Ахмад Ат-Тайиб климаттың өзгеруі туралы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің әр бұрышында болып жатқан табиғи апаттар адам қолымен істелген. Климаттың жылынуы, орман өрті, теңіздердің деңгейі шамасынан шығуы, өзен мен көлдердің құрғауы сынды өзгерістер болып жатыр. Адамзат табиғатты қорғап үйренуі тиіс. Жерге, елге үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Сондай-ақ соңғы кездері болған саяси іс-қимылдар бар. Олар да экономикалық тұрғыдан өте үлкен нұқсан келтірді. Экономикалық дағдарысқа алып келуі де ғажап емес деді жоғарғы имам.

Шейх Мухаммад Ахмад Ат-Тайиб аль-азхар жоғарғы имамы

Бұл апаттың барлығы өркениетте адам өз қолымен жасағаннының салдары деп ойлаймын. Бір адамның басқа адамға деген қарым-қатынастың бұзылуынан деп ойлаймын. Адам мұндай қылмысқа бармауы үшін, қасиетті дүниеге қол сұқпауы үшін бірлік қағидатын ілгерілету керек.