Антонио Гутерриш: Бейбіт диалогтың мүмкіндіктері мол

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антонио Гутерриш ұйым бас Ассамблеясының жұмысы басталуына орай, съез жұмысына келіп қатыса алмағандықтан, қатысушыларға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Антонио Гутерриш мемлекеттік көшбасшылар мен жоғары деңгейлі дін басылардың кездесуін ұйымдастырған Қазақстан үкіметіне алғысын білдірді. Ол бір алаңға жиналған діни лидерлер, өздерінің рухани беделін өзара сыйластық пен бірліктің артуын, арнауы тиіс екенін айтты. «Пікір бейбіт жолмен реттелуі тиіс, әр алуындық біздің байлығымыз  сондықтан, бір-бірімізбен және болашақ ұрпақпен ниеттес болуымыз қажет. Антонио Гутерриш қазір әлем жауластық пен шиеленістің ықпалына түсіп, төтенше гуманитарлық жағдай мен экологиялық дағдарыс, кедейлік белең алғанын айтты. Алайда, осындай бейбіт келісім мүмкіндіктерінің арқасында, сан түрлі сынақты еңсере алатынымызға сенім білдірді. Адамзаттың, бір үлкен отбасы секілді бірлесіп, бәріміз үшін ең жақсы әлем құра аламыз», – деп қорытындылады Антонио Гутерриш.