Дін мен саясат бөлек жүруі керек – Антоний Волоколам митрополиті

Дін мен саясат бөлек жүруі керек. Бүгін Мәскеу патриархатының өкілі Антони Волоколам митрополиті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазір қоғамды түрлі  ақпараттық ағын жаулап жатыр. Осы орайда дін өкілдері осыған жол бермей, адамдарды қайырымдылық пен мейірімділікке шақыру керек.

Антоний, Волоколам митрополиті, Мәскеу патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы:

– Орыс православие шіркеуінің атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасышалры съезін ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Өйткені біз осы алаңда күрделі мәселелер бойынша еш кедергісіз пікір алмасуға мүмкіндік алдық. Дін өкілдері қоғамның санасына ықпал ететіні сөзсіз. Сол себепті біз жұрт арасында мейірімді болып, қайырымдылық жасау керектігін насихаттауға міндеттіміз.