Қ.Тоқаев Ресей мұсылмандарымен кездесті

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Қазақстан Президенті Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнут-динмен және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы съездің үлкен мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін оларға ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ақпан айында өзінің Татарстанға сапарын еске алды және оларды Еділ Бұлғариясының Исламды қабылдағанына 1100 жыл толуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғаның Татарстан мұсылмандары жамағаты мен Ресейдің барша көп конфессиялы халқы үшін маңызы зор. Өз кезегінде құрметті қонақтар Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, VII съездің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.