Мәртебелі меймандар Ақордада

Қазақстан конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бағытында дәйекті саясат жүргізіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас Ашкенази раввині, Давид Лау мен Бас Сефард раввині Иосифті қабылдау барысында осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқаны, сондай-ақ Қазақстанның бұл бастамасын белсенді қолдағаны үшін мәртебелі меймандарға алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің елімізді ұзақ тарихи кезеңде қалыптасқан діни және мәдени әр алуандылық ерекшелендіргенін айтты. Сондай-ақ Израиль Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі екенін атап, сауда-экономикалық іс-әрекеттер жанданып, мәдени-рухани байланыстар дәйекті түрде, нығайып келе жатқанын алға тартты.Ал Давид Лау мен Иосиф Қазақстанның конфессияаралық диалогты нығайтуға, әрдайым діни сенім бостандығын қолдайтынына назар аударып, бұл салада, өзге мемлекеттерге үлгі болатынын жеткізді.