loader

Президент Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрімен кездесті

Президент Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрімен кездесті

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы ислам әлемі үшін қасиетті саналатын Мекке мен Мединенің орналасқан мекені Сауд Арабия өкілдерінің бүгінгі жиынға қатысуы өте маңызды екенін атап өтіп, өкіл ретінде делегацияны бастап келген министрге ризашылығын білдірді. Есесіне Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейх Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуы беделді жаһандық диалог алаңына айналғанын айтты. Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ...