Президент пәрмені талқыланды

Елімізде енді Президент бірден 7 жылға сайлануы мүмкін. Мұндай жағдайда кандидаттар қайта сайлауға түсу құқынан айырылады. Ал бұл шешім, қаншалықты орынды? Халықаралық тәжірибелер не дейді? Елордада сала сарапшылары дәл осы сұрақтар бойынша бас қосып, жаңа реформаларды талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында дүниежүзілік комиссиялар шығарған, шешімдер айтылды. Өзгерісті өлшеуден өткізіп, толық саралаған сарапшылар, президенттік институтты реформалау шешімі елге, оң әсер етеніне, сенімді екендерін жеткізді.

Сара Идрышева, заң ғылымдарының докторы:

– Венециялық комиссия бірнеше мәрте, қайта-қайта сайланып, қайта-қайта Президент лауазымына иелену деген ұстанымды қолдамайды. Ол негативті, яғни теріс түрде бағаланады халықаралық деңгейді. Сол себепті Президент тек қана бір мерзімге сайлануы керек деген нормамыз толық халықаралық құқыққа, қазіргі заманғы құқыққа толығымен сай.