Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Самарқанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысын әуежайдан Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды. Бұған дейін Самарқандқа Ресей, Қытай, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы мен Моңғолия президенттерінің ұшағы қонған болатын. Саммитке 15 республиканың және Шанхай ынтымықтастығы ұйымымен ынтымақтастық орнатқан 10 халықаралық бірлестіктің өкілі келеді деп жоспарланған. Мемлекет басшыларының кеңесінде Ұйымның жан-жақты ынтымақтастығын арттырып, қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретін 30-дан астам құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр. Кеңес соңында Самарқанд деклорациясы қабылданбақ.

ПРЕЗИДЕНТТЕР АҒАШ ЕКТІ

Самарқанға барсымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларымен бірге ағаш егу рәсіміне қатысты. Игі іс «Silk road» туристік орталығында өтті. Осы жерде президентті Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды.