Депутаттар Астана атауын қайтаруды қолдап дауыс берді

Депутаттар елорда атауын өзгерту туралы ұсынысты осыдан 2 апта бұрын айтқан еді.

Міне көп ұзамай Конституциялық өзгерістер бірауыздан мақұлданды. Әдетте Ата заңға енгізілетін түзету мәселесі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Немесе бүгінгідей қос палатаның бірлескен отырысында қаралады.

Басқосуға Үкімет мүшелері тайлы-тұяғы қалмай түгел келді. Депутаттардың да басым бөлігі қатысты. Өйткені егеменді елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістер қаралды. Соның бірі елорданың бұрынғы атауы Астананы кері қайтару. 

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Уақыттың талабына сай біз қазір осы шешімге келіп жеттік. Бұл шешім бір күннің шешімі емес. Астана атауының өзі ол халықаралық брендке айналған атау деп қабылдауымыз керек.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Депутаттар аралағанда халықтың талабы болды. Осындай Астан қаласының бұрынғы атауын қайтару.

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МОДЕЛЬГЕ КӨШТІ

Конституциядағы тағы бір өзгеріс Президент мандатына қатысты. Өкілеттік мерзімін қайта сайлану құқығынсыз 5-тен 7 жылға дейін ұзартуды депутаттар қолдады. Бастысы Президенттің өкілеттік мерзімі мен сайлану құқығын осыдан кейін өзгертуге болмайды. Бұл қағида Конституцияда тайға таңба басқандай жазылады.

Қанат Мусин,  ҚР Әділет министрі:

- Келесі Президент өз мандатының мерзімін неше рет сайлану болатынын өзгерте алмайды енді. Бұл енді өзгеріссіз қалатын нормалар.

Елнұр Бейсенбаев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізде қоғамдық, саяси мәдениет қалыптасатын болса азаматтар бір Президентті бір-ақ рет көруді үйрететін болсақ, бір Президентке екінші рет мүмкіндік бермейтін болсақ оған азаматтар, қоғам өзі арпалысады, оған өзі жол бермейді деп ойлаймын.

Келер жылы Конституциялық сот жұмысын бастайды. Ондағы судьялар да бір рет қана сайлану құқын иеленеді. Бірақ өкілеттік мерзімі 8 жыл. Яғни бұл судьяларды тағайындайтын Парламент депутаттары мен Президенттікінен көп. Бұл фемида өкілдерінің ешкімге жалтақтамай қызмет етуін қамтамасыз етеді. Әрі Мемлекет басшысы өзіне дейін тағайындалған судьяларды себепсіз қызметтен босата алмайды.

Берік Бекжанов, Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Болашақта Конституциялық сот заңдардың Парламент қабылдаған, Президент шығарған құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін бақылайды. Бұл шын мәнінде осы КОНСТ соттың судьяларының мерзімі, Президенттің өкілеттігінен жоғары тұру Парламент депутаттарының мерзімінен жоғары тұруы заңдылық, саяси дұрыс шешім деп ойлаймыз. 

Конституцияға ұсынылған өзгерістерді қос палата бірден екі оқылымда мақұлдады.  Құжат ономастикалық комиссияның сүзгісінен өтті. Енді Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Еліміз демок қарай нық қадам басты. Мем қүрылым түбег өзг. Солайша біз мем басшысы маңайына топтасып, әділетті қоғам құрып, ел байлағының халыққа теңдей бөлінуіне жапғдай жасап, азаматтарымыздың әл-ауқ арттырып, бейбіт өм орнығуын қамтып етіп отырмыз.

Депутаттар Конституциялық өзгерістерді алдағы Президент сайлауына дейін іске асыру қажеттігін айтты.  Сайлау демекші, саяси науқан қашан өтетінін Мемлекет басшысы өз жарлығымен жария етеді.  Сосын 2 ай ішінде өткізілетін болады.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы