Президентті бір мерзімге сайлау: халық пікірі

Сонымен ел Парламенті Президентті бір мерзімге сайлайтын демократиялық жүйені жақтап дауыс берді.

Бұл норма, расымен, демократиялық жаңашылдыққа бастайтын қадам ба? Аймақ тұрғындары бұл жайында не айтады? Тыңдап көрелік.

– Бұл шешім, жалпы, дұрыс деп ойлаймын. Себебі президенттердің сайлауалды бағдарламалары жүзеге асыру үшін төрт жал аздық етеді деп ойлаймын. Және де басқа да реформаларды жасау үшін жеті жыл, меніңше, өте жақсы мерзім.

– Әрине, бұл шешімді қолдаймын. Қазіргі Қазақстанда бір реттік, және жеті жылға жаңағы Орта Азия мемлекеттерінде жаңа тренд деп Қазақстан беріп жатыр. ең бастысы, халық игілігіне, халық кәдесіне жарасын деп ойлаймын. Бұл тек қана Орта Азия емес, посткеңестік елдер арасында жаңа тренд, жаңа саяси жаңғыру болады деген ойдамын.

-Президенттер шетелдің дәстүрі сияқты өзінің мерзімінде ауысып тұратын болса, елімізде өзгерістер көп болады. Әрбір келген жас президенттер өздерінің заманына қарай жұмыс істей білуі керек деп ойлаймын.

- Кәдімгідей 7 жылда жаңа президент көп нәрсе істей алады. Сол себепті екі қолмен қолдаймын.

-Негізі менің ойымша, екі мерзімге өткен дұрыс сияқты. Мысалы АҚШ-та екі мерзім ғой. Бізде 1 мерзімге 7 жылға ол аздау сияқты.

-Халық дейтін енді қолдап жатыр. 16:00 президенттің 7 жылға сайлануы дейтін ол үлкен өзінің міндетін атқарады ғой дейм. 7 жыл да аз жыл емес не көп жыл емес. Президенттің өзі алдына қойған бағдарлама мақсаттарын жеткізетін болар.

39-00 -Жеті жылға сайлану мерзімі туралы да, жалпы осы бағдарламаны жүзеге асыруы да Қазақстанға оң өзгеріс әкеледі деп есептейм.

- Мәселен, президенттер 7 жыл сайын сайланатын болса, 21 жылда 3 президент сайланады екен. Және де бір президент қайтадан таққа отыра алмайтын болса, президенттер өзінің жұмысын тыңғылықты 7 жылдың ішіне сыйдырып жасап кететін еді. Бұл өте жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.

- Тек 1-ақ рет сайлансын ал екіншіге керегі жоқ. Потому что басқа жастарға жол берсін.

- Жаңа Қазақстан деп жатыр ғой, енді жаңа Қазақстан болу керек қой, жастарға орын берсін.

- Жеті жыл аз да емес, көп те емес. Себебі, қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты Президент өзінің дұрыс жұмыс жасағанын көрсету үшін 7 жыл дұрыс деп есептеймін.

Жалпы, заманның ағымына сай болса дейміз ғой. Жастарды да ойлап, үлкен буынды апа-аталарымызды да ойласа, скл//шынымен де жақсы болар еді, 7 жылда бір президент ауысса.

-     7 жылға 1 рет сайлану бұл өте әділеттікке алып келеді.

-     Шетелдегі сияқты әрқайсысы өзінің уақытында кетіп басқа адамға жұмысқа мұрша беру керек.