Иран Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан Президенті Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болуға деген ниетін құптайды.

Саммит аясында Иран Ислам Республикасының Президентімен кездескен Қасым Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай ақ екі елдің  көлік транзит дәлізінің табысты дамып келе жатқанына көңілі толатынын айтты. Қазақстан тарапы қысқа мерзімде Иранға тасымалдайтын тауарлар тізімін әзірлеген. Ол ел де өз тауарларының тізімін қарастыруға дайын. Бұл екіжақты сауда айналымын 3 миллиард долларға жеткізеді. Иран Президенті ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Кездесу соңында мемлекет басшысы Ибрахим Раисиді елімізге қарымта сапармен келуге шақырды

 

Сондай-ақ...