ШЫҰ-ны жаһандық экономикалық платформаға айналдыруымыз керек – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Самарқандта өткен ХХІІ саммитте осындай бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай ақ экстремизм, терроризм, сепаратизм секілді «үш зұлымдыққа» қарсы күрес, мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, ішкі істерге араласпау сынды жарғылық қағидаттардың өзектілігін айтты.

Талғатбек Әбдіқожа,тілші:

«Самарқанда сансыз бап, отырарда Арыстан бап». Бабаларымыз осылай деп жыр дастанға қосқан тарихи шаһарда бүгін тарихи шешімдер қабылданады. Жер бетіндегі адамның жартысын қамтитын Шанхай сегіздігінің 21-саммитін өткізу үшін ала тақиялы ағайын жазық далаға жаңа қала салған. Негізгі нысанның бірі мына конгресс орталық. Президенттер дәл осы жерде бас қосып, мүддесінен шығатын бастамаларды көтереді.

Ұйымға мүше сегіз мемлекеттің басшылары үш жылдан бері толық құрамда жүзбе жүз кездеспеген еді. Самарқандағы саммитке барлығы түгел келді. Бұған қоса ұйыммен ынтымақтастық орнатқан алты елдің президенті қатысты. Мәртебелі меймандарды Шавкат Мирзеев конгресс орталықта қарсы алды.

Көптен бері бірін-бірі көрмеген президенттер аз уақыт амандық саулық сұрап, шағын құрамдағы жиынға кірісті. Яғни ұйымға толық мүше сегіз мемлекеттің басшысы оңаша отырып кеңесті. Кейін жұмысты кең құрамда жалғастырды. Биыл ұйымға төраға ретінде өзбек президенті сөз алып жыл бойында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Республикасының президенті:

– Шанхай ынтымақтастығы ұйымы алып құрылым. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 4-тен бірі тиесілі. Яғни 23 триллион доллардан асады. Табиғи байлық та кем емес. Осыны ескерген президент ШЫҰ-мын жаһандық экономикалық платформаға айналдыруымыз керек деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тауарлардың, капиталдың, көрсетілетін қызметтер мен технологиялардың еркін айналымына кезең-кезеңмен көшу үшін ШЫҰ-дағы экономикалық ынтымақтастықты түрлі формада дамытуды қолдаймыз. Ұйым кеңістігіндегі өсімнің қозғаушы күші – ШЫҰ аясында ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыру.Біздің алдымызда Ұйымның жобалық қызметін тиісті қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесі тұр.Ол үшін бізде барлық қажетті экономикалық тетіктер, әзірленген стратегиялар, өзара іс-қимылдың егжей-тегжейлі бағдарламалары мен жоспарлары бар. Енді соларды жүзеге асыру ғана қалады.

Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Соның бірі ретінде елдерінің тиімді экономикалық және көлік дәліздерін дамыту жөніндегі Ынтымақтастық тұжырымдамасының қабылдануы. Бұл Еуразия құрлығында көлік транзитін дамытуға мүмкіндік береді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әңгіме «Қытай – Еуропа» бағыты және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша теміржол тасымалы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелінің құрылысын салу жоспары туралы болып отыр. Осыған орай, серіктестерді жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Әрі Шығыс Азиядан Парсы елдеріне ең қысқа жол саналатын «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолының әлеуеті зор.

Әрине даму үшін ортақ мүдде мен тұрақтылық керек. Биік мінберден бұл жайлы қанша айтылса да бір біріне қырын қарап отырған мемлекеттер бар. Сондықтан әскери салада да ынтымақтастық артады. Өйткені экстремизм, терроризм мен сепаратизм секілді үш зұлымдық тұтас өңірге қауіп. Ресей – Украина, Қырғызстан – Тәжікстан, Армения – Әзірбайжан арасындағы қақтығыстар ұйымның алға жылжуына кедергі келтіріп тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Аталған өзекті салада бірлесе қызмет етуді көздейтін бұрын қабылданған құжаттарды іске асыруды жалғастыру қажет. Сондықтан қорғаныс ведомстволары мен арнайы қызметтер арасында әскери-саяси ынтымақтастықты арттыруды ұсынамын.

Ұйымға мүше мемлекеттер әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші әрі экспорттаушы саналады. Ірі державалар арасындағы теке тірес пен санкциялар олардың тасымалына тұсау салып тұр. Сондықтан көлік транзит саласының мүмкіндігін арттырып, сауданы ынталандыру керек Энергетикалық ресурстарды да ұтымды пайдалану маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекеттеріміздің халықаралық азық-түлік өндірісі мен жеткізу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысуы әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ су ресурстарын игеру мен ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөлу қажет. ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын бірлесіп әзірлеу жаһандық және өңірлік энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біз сондай-ақ Жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауды өзекті деп санаймыз.

Саммит соңында көлік транизит, жасыл экономика жасыл экономика кибер қауіпсіздік, сауда саттықты арттыру секілді мақсаттарда 40-тан астам құжатқа қол қойылды. Самарқанд деклорациясы қабылданды. Сондайақ суад арабиясы египет катар елдері дилог бойынша серіктес мәртебесі берілді. Ал Белорусь республикасы ұйым құрамына кіруді бастады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамы тұрақты түрде кеңейіп келеді. Ә баста Шанхай бестігі ретінде құрылған бірлестік қазір алып сегіздікке айналды. Саммит барысында иран ислам республикасы мүшелікке қабылдау бойынша меморандумға қол қойылды. Осылайша өбекстан ұаймыға төрағалығын аяқтап бұл мандатты Үндістанға тапсырды.