Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңға қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы жеті жыл бір президенттік мерзім туралы ережелерді қамтиды. Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін сегіз жылға дейін ұлғайтып, Қазақстан Республикасы астанасының атауын «Астана» деп өзгертуді көздейді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын – Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Біз дәл қазір заңгер Марат Башимов бізбен байланысқа шығып, бүгін қол қойылған Заң мен Жарлықтың маңызына тоқталды.