Патшайыммен қоштасу

Қоштасу рәсімі Британ патшалары мен патшайымдары таққа отырғызылатын тарихи шіркеуде басталып түскі уақытта аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан кейін екі минуттық жалпыұлттық үнсіздік жарияланды.

Мемлекеттік жерлеу рәсімі хаттаманың қатаң ережелерін сақтай отыр Вестминстер абаттығында өтті. Айта кеткен жөн осыдан 60 жыл бұрын өмірден өткен, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилге дәл осындай құрмет көрсетілген еді.

Шіркеуден кейін патшайымның табыты күйеуі Ханзада Филипп жерленген Виндзор қамалына жеткізілді. Ол рәсімге Екінші Елизаветаның ет жақындары ғана қатысты. Қамалға жетем дегенше Биг Бен минут сайын қоңырау соқты, зеңбіректер оқ атты. Жерлеу рәсімі тікелей эфирде көрсетілді.

Біздің үлгі тұтар әйел адамдарымыз көп емес. Менің қызым үшін бұл өте маңызды. Патшайым қайталанбайтын тарихи тұлға. Сондықтан қоштасуға арнайылап келдік.

Ол ғажап жан еді. Ол өзінен кейін өшпес мұра қалдырды. Оған деген құрметіміз ерекше. Екінші Елизаветаға қатысты ешқандай шулы оқиға болған емес. Ол біздің Патшайымымыз. Ол - Ұлыбритания.

Қоштасу рәсіміне әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қазақстаннан да, жоғары лауазымды тұлғалар жиналды. Президент Тоқаевтың тапсыруымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация патшайыммен қоштасу рәсіміне қатысты. Ол көңіл айту кітабында жазуын қалдырып, Екінші Елизавета британ халқы бірлігінің символы болып, оның ерекше асылдығы мен абыройы бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарды шабыттандыра беретінін атап кетті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының төрағасы:

- Қазақстанда Патшайым Екінші Елизаветаны біледі және өте қадірлейді. Президентіміздің шешімімен жақын арада шаһарамыздағы ең жаңа саябақтардың бірі оның есімімен аталады. Сондай-ақ, біз  Қазақстан мен Ұлыбританияны жақындастыру үшін Патшайымның атқарған зор еңбегін мәңгі есте сақтаймыз.

Украинадағы әскери қақтығысқа байланысты Ресей мен Беларусь және Мьянма билігі іс-шараға шақырылған жоқ. Дүйсенбі яғни бүгін елде демалыс күні болып жарияланды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Сондай-ақ...