Президент америкалық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр

Нью Йоркте таңғы тоғыз. Астанада кешкі жеті екенін ескерсек, біздің жұртқа қайырлы кеш! Сонымен Мемлекет басшысының жұмысы басталды. Таң сәрімен Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының осы сапары аясында бірқатар келісімдер жасалмақ. Әлгінде самұрық қазынаның басшысын сөзге тартқан едік. Ол: «Қазақстан боингтің ұшақтарын сатып алады» деді. Біздің әуе компания өзінің авиациялық паркін жаңартуды көздеп отыр. Сондықтан алдағы үш жылда елге боингтің 3 ұшағы келеді. Келісім бар. Бұдан бөлек, өзге де америкалық ірі компаниялар Қазақстанда жаңа жобаларын бастауға әзір. Сұхбатқа кезек берсек.

Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Эпл, гугл, амазон, букинг компаниялары Қазақстанда бизнестерін дамытуға қызығып отыр.  Тың идеялары бар. Жалпы бір ғана «Самұрық Қазына» арқылы 13 инвестициялық аса ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Атап айтсам, сумен, электр қуатымен жабдықтау және траспорттық логистиканы дамыту бойынша жобалар бар. Бір сөзбен айтқанда америкалық ірі бизнес өкілдері «Самұрық Қазынамен» әріптестіктің аясын кеңейтуге дайын.

Жалпы Амарика біздің ең ірі серіктесіміз саналады. Арадағы тауар айналымы былтыр 2 миллиард 200 миллион доллар болған. Бұл 2020 шы жылмен салыстырғанда шамамен 40 процентке көп. Осының өзі ақ қазақ-америка қарым-қатынасының қарқын алғанына дәлел. Жалпы АҚШ біздің ең ірі инвестор саналады. Бізге инвестиция құю жағынан бұл ел екінші орында тұр. Мұндай қарқынды серіктестік алдағы уақытта жандана түспек. Бұған дәлел тек бүгінгі күннің өзінде Мемлекет басшысы 20 шақты ірі бизнес өкілімен кездесу өткізеді. Әрине келісімдер де аз болмайды.