АҚШ басылымы Қ.Тоқаевтың мақаласын жариялады

АҚШ-тың беделді «Политико» басылымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақала «Қазақстан президенті: Біз реформалар жолымен ілгері жылжып келеміз» деген тақырыпта жарық көрген. Онда еліміздің ашық әрі либералды саясат жүргізуді күшейтетіні айтылады. Президент тақауда парламентке әділ Қазақстан құру туралы жоспарын таныстырғанын да атап өтті. Ол заң үстемдігін нығайту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру және бәріне бірдей мүмкіндік беруді көздейді. Соның арқасында парламент пен жергілікті билік органдарының рөлі артпақ. Мемлекет басшысы Президенттің жетіжылдық мерзімі бойынша да ойын ортаға салып, бұл Қазақстандағы демократияның дамуындағы серпіліс деп атады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық ойлаудың түбегейлі өзгеріп жатқанына да тоқталды. «Егер еліміз тоқыраудан аулақ болғысы келсе, реформаға бет бұруы керек», – деп жазды Президент.