loader


Нью-Йорк. Қ.Тоқаев әлем мінберінен сөз сөйлейді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ы 77-сессиясының жалпы дебат апталығы басталды. Жиынға 100-ден аса елдің делагациясы келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Қазақстан Президенті де айтулы іс-шараның ашылуына қатысып жатыр. Қазақ басшысы бүгін 77-сессияның жалпы дебатында әлем мінберінен сөз сөйлейді. Сондай-ақ сессия аясында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты келіссөз өткізді. Қасым Жомарт Тоқаев бүгін 77-сессия аясында бірнеше екіжақты келіссөздер өткізеді деп хабарланған еді. Қазақ басшысы бірінші Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен келіссөз жүргізді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан – Австрия ынтымақтастығын дамыту жайын сөз етті. Сосын халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетті талқылады. Қазақстан мен Австрия саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын да атап өтті.

Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті. Сонымен ұйымның 77-сессиясына оралсам. 100-ден аса елдің басшылары мен үкімет басшылары қатысып жатқан жоғары деңгейдегі дебаттар басталды. Қазақ басшысы Астана уақыты бойынша сағат 21.45 пен 22.15 аралығында сөз сөйлемек.

Осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғалы екінші мәрте әйгілі мінберге шығады. Алғаш рет мұнда 2019 жылы келген. Ал 2020 мен 2021-де бас ассамблеяның сессиясына өзге де көшбасшылар сынды Мемлекет басшысы астанадан бейнеүндеу жолдады. Сондықтан бұл пандемиядан кейін офлайн форматта өткелі тұрған алғашқы сессия десек те болады. Мемлекет басшысы қандай бастама көтеретіні әзірге бізге беймәлім. Сарапшылар Президент климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі, жаһандық экономикадағы сын-қетерге тоқталуы мүмкін екенін алға тартты. Жалпы биылғы сессияның негізгі тақырыбы Украинадағы қақтығыс, климаттың өзгеруі, короновирспен күрес, әлемдік экономиканың құлдырауы, инфлияция, тауар тасымалының бұзылуы сынды өзекті мәселелерге арналмақ.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БҰҰ-ның Бас хатшысымен, Еуропалық одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен солардың өтініші бойынша кездесулер өткізбек.

Кейін Президент осы Нью-Йоркте өтетін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады деп жоспарланған.

 

 

 

Сондай-ақ...