Мемлекет басшысы Нью-Йоркте екіжақты келіссөздер өткізді

Қасым Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының штаб пәтерінде екіжақты келіссөздер өткізді. Қазақ басшысы бірінші Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан - Австрия ынтымақтастығын дамыту жайын сөз етті. Сосын халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетті талқылады. Қазақстан мен Австрия саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын да атап өтті. Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесіп, екеуара біраз жайттарды талқылады.