Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі артады

Президент Бас ассамблеяның сессиясынан соң Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жиынға Еуропалық Кеңестің президенті, Испания Премьер-министрі, Канада Премьер-министрі, Сенегал Президенті, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы және басқа да әлемдік саясаткерлер қатысты. Қазақ Президенті осы жерде де Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне тоқталды. «Алдағы жылдары Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі айтарлықтай артады деп болжап отырмыз», – деді.  Қысқа қарай Қазақстан энергия ресурстары мен аса маңызды шикізат тауарларының тапшылығын азайта алады. «Әрі біздің ел халықаралық транзиттік хаб ретінде жаһандық және тұрақты жеткізу тізбегін құруға қабілетті», – деп түйіндеді.