ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша республикалық науқанды Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыда қамтамасыз етеді. Ал Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін жасайды. Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жан-жақты көмек көрсетеді.